Үрімші қаласында 12 лаңкес өлім жазасына кесілді

terror_ingushety Қытайдың Үрімші қаласында 12 лаңкес өлім жазасына кесілді. Бұл үкім оларды ату арқылы орындалады. Содырлардың 9-ы жақын арада, ал қалған үшеуі 2 жылдық мерзімнен кейін атылмақ. Алайда кейінге қалдырылған өлім жазасы көп жағдайда өмір бақи түрмеде отыру үкімімен ауыстырылып жатады. Жалпы лаңкестік қылмысы бойынша 81 адамның ісі қаралды. Олардың барлығы - Шыңжаң-Ұйғыр ауданының тұрғындары. Бұл қылмыскерлерге лаңкестік әрекеттер ұйымдастырды, экстремистік ұйымдарға қатысты және кісі өлтіріп, қасақана өрт қойды деген ауыр айыптар тағылды, деп хабарлады 24.kz. Күдікті азаматтарды жаппай қамауға алу науқаны 22 мамырда Үрімжі қаласының базарында 43 адамды құрбан етіп, 80 тұрғынды жарақаттаған жарылыстардан кейін басталды. NUR.KZ