Шығыста өзендердегі су деңгейі төмендеді

реки Қатон-Қарағай ауданында Бұқтырма өзеніндегі су деңгейі қазіргі уақытта 210 см құрайды. Коробиха, Өрел, Жамбыл ауылдық округтарындағы жағдай тұрақталды. Су деңгейі төмендеді, су басу қаупі жоқ. ТЖ хабарлағандай, «Қатон-Қарағай – Рахман қайнары» бағыты «МИ-8» тікұшағымен ұшу арқылы барланды. Көпірдің бұзылуына байланысты бұл жерде Берель ауылынан Рахман қайнарына дейінгі тас жол жабық болған еді. Соның салдарынан 1 маусымда Шығыс Қазақстан әуе құрылымының «МИ-8» тікұшағының көмегімен Өрел ауылындағы Рахман қайнары шипажайында демалып жатқан 50 адам қауіпсіз жерге тасымалданды. Бұл іске ШҚО ТЖД бастығының орынбасары, полковник А. Длимов, Қатон-Қарағай аудандық ТЖБ бастығының міндетін атқарушы, өрт сөндіру қызметінің майоры Т.Теміржанов, өрт сөндіру бөлімінің басшысы А.Құдайбергенов қатысты. «Жалпы Зырьян және Қатон-Қарағай аудандарындағы және Риддер қаласындағы өзенінің су деңгейі төмендеді. Жағдай тұрақталды. Су басу қаупі жоқ», – деді облыстық ТЖД қызметкерлері. Қазақпарат