Қырымның Ресей құрамына кіруі халықаралық құқыққа қайшы келеді
2014 ж. 19 наурыз
1740
0
Германия Канцлері Ангела Меркель Қырымның мәртебесіне қатысты референдум мен автономияның Ресей құрамына кіруі халықаралық құқық бұзушылық болып табылатынын мәлімдеді, - деп хабарлайды AFP.
"Бұл референдум халықаралық құқыққа қайшы келеді. Кеше ғана Ресей президенті Владимир Путин таныған тәуелсіздікті жариялау халықаралық құқыққа сәйкес емес және оны РФ-ның мақұлдауы халықаралық құқыққа ешқандай үйлеспейді", - деді ол. Меркель халықаралық ұйымдар, БҰҰ қоса алғанда, Европалық одақ, ЕҚЫҰ бұл көзқарасты бөліп қарайтынын жеткізді.
Өз кезегінде Франция президенті Франсуа Олланд та Қырымның Ресей құрамына қосылу заңдылығын мойындамайтынын мәлімдеді. Олланд Қырымдағы оқиғаларға байланысты Франция "күшті реакция" даярлайтынын ескертті.
Онымен қоса, АҚШ президенті Барак Обама Украинадағы жағдайды талқылау үшін G7 елдерінің (Канада, Франция, Германия, Италия, Жапония, Ұлыбритания және АҚШ) лидерлерін келесі аптаға кездесуге шақырды. Кездесу Гаагадағы ядролық қауіпсіздік саммитіне байланысты өтеді.
Еске сала кетейік, бұдан бұрын Путин Федералды кеңесіне үндеуін жеткізген кезде батыс саясаткерлерінің мәлімдемелерін сынға алған болатын. Ол АҚШ-тың Косоводағы жағдайға байланысты сылтауын еске алды. "Өздері жазады, елді дүрліктіріп әлемге хабар таратады, бәрін иілтіп, енді келіп ызаланады. Неге?", - деді Путин. Кейіннен Путин, Қырым жетекшілері және Севастополь мэрі тиісті келісім шартқа қол қою арқылы Қырымның Ресейге қосылуын заңдастырды.
tengrinews.kz