Айсұлтан НАЗАРБАЕВ тегін өзгертті – ол енді Айсұлтан РАХАТ
2019 ж. 15 сәуір
13056
2
Қазақстанның тұңғыш президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың жиені Айсұлтан Назарбаев фейсбуктегі жеке парақшасында тегін Рахат деп өзгертті, - деп хабарлайды sputniknews.kz.
Айсұлтан Назарбаев фейсбук әлеуметтік желісінде аты-жөнін Айсұлтан Рахат (Aisultan Rakhat) деп, ал отбасылық жағдайын "ажырасқан" деп өзгерткен.
Ондағы мәліметке сүйенсек, тұңғыш президенттің жиені осы жылдың 5 ақпанында ажырасқан.
Айсұлтанның "Назарбаев" тегінен бас тартқаны туралы танымал блогерлер де желіде жазып жатыр.
Кеше Айсұлтан Назарбаев әлеуметтік желіде видео жариялап, Қағбаны айналып жүргенін көрсеткен болатын.
Айта кетсек, Айсұлтан Назарбаев – Дариға Назарбаева мен Рахат Әлиевтің екінші ұлы. Оны бұқаралық ақпарат құралдары көбінесе "президенттің сүйікті жиені" деп атайды.
1990 жылы 26 тамызда өмірге келген. Бала кезден футболға қызығады. 2006 жылы Қазақстанның жасөспірімдер құрамасының сапында Еуропа чемпинатының іріктеу турниріне қатысады. "Челси" және "Портсмут" жастар командалары мен қазақстандық "Астана" командасында ойнаған.
2013 жылы "ҚазРомГаз" АҚ басшысы Қайрат Боранбаевтың қызына үйленген еді. Айсұлтанның жары болған Алима – белгілі актер Әнуар Боранбаевтың немересі.
2016 жылдың жазында екі жастың отбасында Амели есімді қыз дүниеге келді.