Тәуелсіздік даңғылдарын Назарбаевтың атына өзгерту зиялы қауымның көңілінен шықпауда - Айбек Оралхан
2019 ж. 27 наурыз
2915
0
«Асыққан – шайтанның ісі» деген сөз бар. ҚР Президенті Қ.К.Тоқаевтың ұсынысы бойынша республиканың әрбір облыс орталығында Елбасы, ҚР Тұңғыш Президенті Н.Ә.Назарбаевтың атына көше берілуі тиіс деген тапсырмасының жергілікті жерлерде терең зерделенбей, асығыс-үсігіс жүргізіле салуы зиялы қауымның көңілінен шықпауда. Павлодар, Өскемен, Талдықорған қалаларында Тәуелсіздік даңғылдарын дереу Н.Назарбаев даңғылы деп өзгерту әдеттегідей қоғамдық тыңдаулар өткізбей, қоғамдық пікірге құлақ асырылмай жедел атқарылғанын, мемлекетіміздің мызғымас құндылығы - Тәуелсіздік ұғымын аяқ асты етпей, Елбасының құрметіне басқа көшенің атын беру жөн болатынын Павлодар қаласында ҚР еңбек сіңірген қайраткері, ақын Арман Қани, Өскемен қаласында журналист Азамат Қасым әлеуметтік желі арқылы мәселе ретінде көтерді. «Асығыста туған баланың атын «абыр-сабыр» қояды» демекші асығыстыққа ұрынбай, лайықты шешім шығарылса деймін. Тәуелсіздік даңғылын өзгертпей, Павлодардағы Астана көшесін Н.Ә.Назарбаевтың есімімен атағаны дұрыс.
Айбек Оралхан, Фейсбук парақшасынан