Қазақ бар болса тарих әлі өз бағасын берер Елбасына - Дәурен Бабамұратов
2019 ж. 19 наурыз
2941
0
"Сайын ханның барында, қашқан жаудың тек атының құйрығын ғана көріп едік" деген уақыт еді бұл. 1847 жылы Қордайдағы Кекілік тауының түбінде Кенесары ханның қолынан жығылған Қазақтың Тәуелсіздік туы 1991 жылы Елбасымен қайта көтерілді. Аз халықты(1989 жылы 5.8 млн едік), көп қылды(12 млн жеттік), жоқ Тәуелсіздікті бар қылды. 1991 жылы дүниенің төрт бұрышы бізге жау еді, тізесі барын бүктірді, басы барын идірді. Қазақ бар болса тарих әлі өз бағасын берер Елбасына. Бүгінгі сөзсіз тарихи шешім елдің бүгінгі емес, ертеңгі бірлігіне жасалған қадам. Көпшілік күтті, бірақ ешкім сенбеді. Алдағы бір жыл, одан кейінгі он жылдың тағдырын шешпек. Ең бірінші сыртқы көршілердің Қазақстанға қатысты "ой-толғаулары", "уайым-қайғылары" біршама "сейілді". Олар күткен хаос пен алауыздық соңғы 28 жылда болғанда емес және алдағы уақытта болмайды да. Ол үшін бүгінгідей шешімдер керек еді және ол тарихи шешімдер қабылданып бастады. Елбасы әрқашан оппоненттерінен бұрын ход жасап үйренген, бүгінде солай болды.
Дәурен Бабамұратов, qazaquni.kz