Алматы облысында пластик дорбадан нәресте табылды
2019 ж. 19 ақпан
2168
0
Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданындағы Түрген ауылының тұрғыны есік алдынан жаңа туған нәресте тауып алды. Көкек ана шақалақты қызыл түсті полиэтилен дорбаға салып кеткен, - деп хабарлады 24.kz.
Түрген ауылының тұрғыны үйіне отын кіргізу үшін далаға шыққанда шарбаққа ілініп тұрған дорбаны аңғарады. Отынын кіргізіп, пешін жағып, есік алдына қайта шықса, дорба қозғалады.
«Ит-мысық шығар» деп дорбаны үйіне алып кірсе, жаңа туған нәрестені көреді. Дереу түрде жедел жәрдем және тәртіп сақшыларын шақырып, мән жайды баяндайды.
Жаңа туған баланың салмағы 2,5 кг. Бойына суық өткен. Сауыққанша ауруханада болады. Одан кейін Шелек ауылындағы бөбектер үйіне тапсырылмақ. Алматы облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше қазір баланың анасы іздестіріліп жатыр.