"Үнемі тұқырта берсең, ұлт мінезінен айырылуы да мүмкін" - журналист
2019 ж. 08 қаңтар
3010
0
«Албасты да қабаққа қарап басады». Оны күнделікті өмірде, қызмет барысында талай көріп жүрміз.
«Жуас түйе жүндеуге жақсы» деп қазақ тегін айтпаған. Тым сыпайы, жалпақшешей бола бастасаң, басыңа шығады. Адамның табиғаты солай.
Кей кезде мінез болуы да керек. Ұлттың мінезі. «Кең болсаң кем болмайсың» деп, үнемі тұқырта берсең, ұлт мінезінен айырылуы да мүмкін. Ондай ұлттың есесі кетіп, еңсесі түседі. Жасқаншақ тартады. Оны тарихтан көріп келеміз ғой, әсіресе қазақ аз көрген жоқ.
«Адамзаттың бәрін сүю» керек қой негізі. Бірақ, бұл қағиданың баршаға бірдей жүре бермейтінін де ескеруіміз керек. Халықтың «қорыққанын сыйлайтын» да тобы бар. Солар үшін мінез көрсетіп отырған да жөн.
Қамбар Ахмет,
Фейсбуктегі парақшасынан