Мәди Манатбек: Кинотеатрлардан қазақ тілін талап етейік
2018 ж. 27 қараша
2847
1
Еліміздің кинотеатрларында қазақ тіліндегі кино мен анимациялық фильмдерді ыңғайсыз уақытта және тым аз көрсетеді.
Бұл — қазақ тілді көрерменнің, тұтынушы құқығын бұзу. Осыны біле тұра ешқайсымыз не заңға жүгініп, не басшылығына айтып талап етпейміз.
Тәуелсіз, дербес мемлекетте емес, өзгенің елінде тұрып жатқандай күйдеміз. Заң біз жақта, қазақ тілі жағында, тек сауатты талап етіп, жұмыла білсек болғаны.
Кез-келген ұлы жетістік қарапайым ғана істен басталады. Қазақ тіліндегі кино, мультфильмді түске дейін ғана емес, күні бойы, түнде де және жиі көрсетуін талап етейік. Заң бар, тек ол жұмыс істемейді.
Ендеше жұмыс істеуіне жұмыла кірісейік. Өз елімде киноны қазақша көргім келеді. Сіздер де қолдаңыздар, бөлісіңіздер.
Мәди Манатбек,
facebook парақшасынан