Қажымұқанның ескерткішіне Астанадан бір орын табылмаған ба?!.
2018 ж. 22 қараша
6169
0
Тәуелсіздік алғаннан бері бір де бір қазақ палуаны олимпиада чемпионы болған жоқ! Себебі, күш атасы Қажымұқанның аруағы бізге риза емес! Біз оны ұмыттық, елеусіз қалдырдық!.. - деді бірде жақын досым. Өз басым ырым дегенге сене бермеймін. Күлдім де қойдым.
Астана-Қостанай жолының бойында, өз атындағы шағын ауылдың шетінде елеусіз ғана тұрған палуанның еңселі ескерткішін көргенде сол әңгіме ойыма оралғаны. Мұндай ескерткіш бастапқыда ел ордасында тұруы тиіс болған. Шымкентте дайындалып, үш жыл бойы жоғарының рұқсатын күткен. Алайда, әлдебір мүдделер қақтығысының құрбаны болып, Астанадан шөкімдей жер бұйырмай, тас жолдың бойынан бір-ақ шыққан деседі. Қоқысқа тастамағандарына да шүкір дедік. Ал, сол Астанада қазір не көп, спорт ареналары, стадиондар көп. Солардың бірінің алдында қасқайып қазақтың бас палуаны - Қажымұқанның ескерткіші неге тұрмайды? Бұл да бір рух беретін дүние емес пе? Бәлкім, менің досым дұрыс айтады- біз аруақты сыйлауды ұмытып кеттік. Тумысынан палуан қазақтың күрестен де, басқадан да... шынымен жолы болмай жүр. Қолдамай жатқан шығар...
Арман Сқабылұлы, Фейсбук парақшасынан