Димаштың продюсері журналистерді ұрып, залдан қуып шыққан - БАҚ
2018 ж. 04 қазан
3242
0
Димаш Құдайбергеновтың бұрынғы досы Алпамыс Шәрімов журналистерді ұрсам деп басы дауға қалды. Оралдық журналист продюсердің арқасынан ұрып, залдан қуып шыққанын ашып айтты.
Бұл туралы caravan.kz хабарлады."Жайық Пресс" ақпарат агенттігінің тілшісі Динара Кіндербаева продюсерге ашуы қара қазандай екенін айтып, барлық болған жайтты Facebook желісіндегі парақшасына жазды.
"Оралда 4 рет болып жатқан гранд баллға жыл сайын келемін. Осы жылы жастар саясаты басқармасы мен еріктілер барынша жақсы жұмыс атқарады. Бірақ шақырылған журналистерге есіктің алдында жүруге тура келді. Бірақ оператормен бірге суреттен бөлек, видеокадрлар керек болғасын залда жүрген болатынбыз. Бір кезде Алпамыс Шәрімов мені киімімнен ұстап "кет бұл жерден" деді. Мен онысына мән бермедім, уайымдап жүргеннен болар дедім. "
Продюсер Динар Кіндербаеваға ғана емес, өзге де жергілікті журналистерге тиіскен.
"Алпамыс Шәрімов "Ақжайық" арнасының тілшісі Ержан Төлепқалиевке де қатты, қатты сөйлеп жатыр екен. Олардың диалогын естіп қалдым, Алпамыс әріптесіме "сен кімсің кет бұл жерден" деп жатыр екен. Ал Ержан Төлепқалиев өзің кімсің деген сұраққа Алпамыс Шәрімов "мен осы баллдың иесімін" - деп жауап берді."
Журналист мұндай адаммен мақтанбау керек, керісінше ұялу керектігін жазған.
"Бүкіл Оралдықтар, Орал басшылары біздің жерлесіміз деп мақтанады, ондай адаммен мақтанбау керек керісінше ұялу керек. Алпамыс сияқты өзін жұлдыз сияқты адамдарға айтарым, жерге түсіңдер сендер халықтың арқасында көтерілдіңдер халықтың арқасында төмен түсетіндеріңді ұмытпаңдар" - деп жазады журналист Динара Кіндербаева.