"ТӨРЕШТЕРДІ" ТӨБЕМІЗГЕ ШЫҒАРЫП, "ТӨРЕ" ЖАСАҒАН ӨЗІМІЗ
2018 ж. 02 қазан
2956
0
"Төрештерді" төбемізге шығарып, "төре" жасаған өзіміз. Уыс-уыс ақша беріп тойға шақырамыз, Онымен қоймай ұшақтың бизнес класына билет алып береміз. Бес жұлдызды қонақ үй дайындайтынымыз тағы бар. Осыдан кейін "төрештер" құтырмай қайтсін! Былтыр осындай бір жұлдыз інімізді Шымкентте ұшақтың қалың жолаушысы жарты сағат күтіп тұрғанына өзім куә болғанмын. Әлдебір дөкейдің тойынан кешігіп келген әлгі әншіге жиналған жұрт ренжудің орнына суретке түсіп, селфилетіп жатты. Түк болмағандай... Кеше Төреғали Төреәлі Таиландқа баратын ұшаққа билетсіз кіріп, бала-шағасын шығарып салған екен! Ұшақтың іші қайта тексеріліп, жарты сағатқа кешігіп ұшқан. Кеден,шекара, ұшақ қызметтерінің барлығынан тексерусіз өтіп кетіп, мемлекеттік шекараны бұзған бұл бауырымның басбұзарлығына өз басым онша таң қала қойған жоқпын. Оны да бір "табынушысы" өткізген шығар? "Төрештер" енді өздеріне бәрі болады деп ойлайды. Олар жұлдыз! Олар көкте жүр! Жерге түсірген дұрыс шығар? Әйтпесе тағы талай нәрсені бүлдіреді олар...
Арман Сқабылұлы,
Фейсбук парақшасынан