«ТУРИСТІК ПОЛИЦИЯ» ҚҰРЫЛСА ҚАЗАҚСТАНҒА ТУРИСТЕР ЖОЛАМАЙДЫ!

[caption id="attachment_90325" align="aligncenter" width="548"] Көрнекі сурет ғаламтордан алынды[/caption]

Мәжілістегі Үкімет сағатында ҚР Ішкі істер министрлігінің өкілі «туристік полиция» құруды ұсынды. Көк шар ұстаған балаға дейін қуалап беретін біздің полиция ондай сала құрылса «туристік қызметті» нағыз майшелпек деп біледі ғой. Өзінің азаматтарын аямайтын орган шетелдіктерді аяй ма?! Әр шетелдік турист полиция үшін «асқан бай» болып көрінеді. Әрі әрқайсысы содан өз үлесін алып қалуға тырысады. «Туристік полиция» құрудың мақсаты туристерді қорғау болғанымен ол іс жүзінде заңдастырылған «туристерді тонау» болып шығады. Әлеуметтік желілер заманында сондай бірнеше фактінің өзі Қазақстанды туристер аяқ баспайтын елге айналдыруы оп-оңай. Сондықтан елімізге турист келсін десек, «туристік полиция» құру туралы идеядан бас тартқан жөн!

«Туристік полиция» Қазақстанда ішкі істер органдары кешегі кеңестік кезеңнен қалған жазалау функциясынан бас тартып, азаматтарға қызмет ету функциясына көшкенде ғана құрылса болады. Ал ондай реформа жүзеге асса бәлкім туристік полиция мүлде керек болмай да қалуы мүмкін.

Марат Бәйділдәұлы, Қазақ үні