"Еркелету – баланың болашағына балта шабудың бір түрі" - Айдос Жұқанұлы
2018 ж. 10 тамыз
4804
0
[caption id="attachment_88532" align="aligncenter" width="439"] Фото: Ustazbol.kz[/caption]
Бір елде осындай мақал бар деп естіп едім. Жаман қарғыс екен.
Жұмыс іздеп жүрген, бірақ амбиция дегенің ұрып тұрған 20-28 жастағылар көп. Ар жағына үңілсең, көбінің білімі өте таяз. 90-жылдары туғандар. Қиын кезең. Әке-шешесі оларға тәрбие бергені былай тұрсын, қалай нәпақа айырамыз деп сандалып жүрген кез. Дипломды сандыққа салып қойып, кез келген жұмысты істей берген заман. Денінің жағдайы нашар еді. Атасы мен апасына қалдырды. Олар немерелерін міндетті түрде еркелетеді. Еркелету – баланың болашағына балта шабудың бір түрі. Р-ға, Ң-ға тілі келмесе, сонысына қызыға қарап, бұзықтық жасаса, қызғыштай қорғап, әйтеуір аман болсыншы деп отырады. Қараусыз қалған баланың білімін айтпай-ақ қоялық, ең бастысы тәрбие дұрыс берілмеген-ді. Олар өсті, ортамызда жүр жұмыс іздеп. Таппағандары айна ұрлап. Жағдайы жақсы отбасыдан шыққан Денис Тен өз қатарластарының құрбаны болды.
Динамикаға қарасақ, 2001-жылдан бастап еңсемізді түзей бастағанбыз. 5-10 жылда солар, яғни 2000-жылдары туа бастағандар келеді еңбектің барлық саласына. Үміт соларда. Футболды да солар ойнайтын болады. Экономиканы да, саясатты да солардың қолына береміз. Иншалла, үміт бар.
Статистикаға сүйенсек, адам билікке ақылы тоқтаған 40-45 жасында келеді екен. ХХІ ғасырдың басында туған бала ол жасқа жеткенше әлі 20-25 жыл бар. Бұл пессимизм емес, реализм. Бастысы сол үміт күткендерімізді коррупция деген ғадетке баулымасақ болды.
Айдос Жұқанұлы,
Фейсбук парақшасынан