ЖЕРДІ ЛАТИФУНДИСТТЕРДЕН БОСАТУДЫҢ ҚАНДАЙ ЖОЛДАРЫ БАР?
2018 ж. 12 шілде
3027
0
Латифундизмнің негізі - жемқорлық жүйе, бұны бәріміз білеміз. Бұл жүйені өзгерту үшін дәл қазір шамамыз жетпей жатқаны мәлім. Бүгінгі таңда латифундизмге қарсы кей заңдардың нақты нормалары бар. Әсіресе, биыл қабылданған Жер жайлы және 2016 жылы қабылданған заңда да көрсетілген. Жайылым жерлер туралы заңдарын айтып отырмын. Бірақ соттар, өкінішке орай, өз үкімдерін объективтік емес, субъективтік көзқараспен шығарады. Бізге бүгінге дейін объективтік мағлұматтар жеткіліксіз болып келген. Өйткені біз сотта: "Жер телімдері бос, игермей тұр" десек, латифундист оған "Жоқ, мен жұмыс жасап жатырмын" дейді. Айтпақшы, дәл солай жағдайдың салдарынан біз Астанадан не бары 20 шақырым қашықтықта орналасқан Максимовка ауылындағы жер туралы даушардың бірінші сотында жеңіліс таптық. Қазіргі таңда апелляцияға беріп отырмыз. Сотта нақты, объективтік дәлелдерің болмаса жеңілесің. Ол заңдылық. Ал космосъемканы (біз оны да көрсеттік) сот қабылдауға міндетті емес екен. Менің ойымша жер жайлы бұндай объективтік мәліметтерді сот қабылдауға міндетті болуы қажет! Дегенмен, бүнгі таңда бұндай космо-ғарыш технология өзіміздің аграрлық саладағы ғаламыдардың қолында бар!
Мәселен, жақында мен еліміздің ең ежелгі университеттердің біреуі - ҚазАТУ-да қонақта болдым. ҚазАТУ-дың ректоры, үлкен ғалым, (2016 жылы Жер комиссиясында бірге жұмыс істегенбіз), Ақылбек Күрішбаев пен білім ордасының проректоры тәжірибелі маман, Қайрат Айтуғанов маған жаңа космо-спутник технологияны көрсетіп, аса жоғары деңгейде сапалы түсірілімдерді көрсетті. Бұл замануи технологияларды пайдаланып, бүкіл еліміз бойынша жерлеріміз туралы нақты, объективтік мәліметті бір моментте шығаруға болатынына көз жеткіздім. Мысалы, жер алқаптары бос жатырма, әлде игерілу үстіндеме? Неше жылдан бері? Нақты қай бағытта игеріліп жатыр? деген сауалдарға жауап табуға мүмкіндік беріп отыр. Тіпті жердің құнарлығы 10 жылда жақсаруда ма, әлде кері кетіп жатыр ма? Қысқасы Қазақстандағы бүткіл жер алқаптары жайлы мағлұматты ҚазАТУ-дың космо-ғарыш технологиясы арқылы анықтап, қажет жақдайда пайдаланып отыруға болады екен! Мәселен, жоғарыдағы айтып көрсетілген жер мәселесіне байланысты соттарда және облыстық әкімшіліктерді бұндай объективтік мәліметтермен пайдалануды мәжбүрлеуіміз қажет деп санаймын. Сонда ғана жер мәселесінде жемқорлыққажол берілмейді. Жердің ашық кадастры әзірше болмаса да, ашық ақпарат қазір бар! Сондықтан жер мәселесіне бей-жай қарамай, журналистерді осы бір өте маңызды мәселе туралы репортаж жасауға шақырамын.
Мұхтар Тайжан, Фейсбук парақшасынан