Қоғам белсендісі секс-құлдықтағы қазақ қыздарын құтқаруға шақырды
2018 ж. 08 мамыр
9094
0
Қазір қазақ қызының ары мен құқығын қорғамасақ, сыбайласқан қылмыстық топтардың көлеңкелі бизнесінің құлдықта құрбан болып жүргенін жанымыз ашымаса, ер азамат деген атымыз құрысын, ағайын! Барлық мемлекеттік құзыретті мекемелердің, Парламенттегі депутаттарды, жергілікті әкімдіктегі азаматтарды осы мәселеге назар аударып, тиісті әрекетті жасауға шақырамын! Барлық үкіметтік емес ұйымдардың белсенді жігіттерін, белгілі қоғам қайраткерімін деп бұрыш-бұрышта өзін көрсете алмай жүргендерді, ақсақ қойдай түстен кейін маңырайтын шолақ белсенділерді, қазақ қызының ары мен ибалығын кез-келген отырыста уағызына әнұранындай айтып жүрген діншілдерді, жай қарапайым Фейсбуктегі сыншыл әрі міншіл хәм пияршыларды осы мәселеге белсенді түрде, шын мықты болсаңыздар атсалысуға шақырамын! Керек болса, Ашық хат дайындап, мемлекеттен құқықтың аясында жауапкершіліктерге тартуға, көлеңкелі бизнеспен қыздарды мейлі қай ұлттан болмасын құлдықтан шығарып, азаматқа лайық тіршілік етуге қорған болып, жоғын жоқтауға, қоғамдық үн қосуға шақырамын! Арнайы белсенділерден қоғамдық жұмыс тобын құрайық, қоғамдық ұйымдарды жұмылдырайық. Бәріміз қыз өсіріп отырмыз, бүгінгі немқұрайлық танытып, өзің үшін өмір сүрген өзі үшін оттаған хайуаннан неміз артық болғаны?! Пияр үшін емес, қазақ қызының ары үшін әрекет қылайық! Бұл да қазақтың қызғыштай сақтайтын құндылығы ғой! Мен қоғамдық бастаманы қолдаймын! Қолымыздан келгенше атсалысайық!
Мақсат Жақау, Фейсбук парақшасынан