Көмір үшін көп адам креслосымен қоштасуы керек еді
2018 ж. 04 ақпан
6525
7
Көпқабатты үйден пәтер жалдап тұратын болғасын көп адам көмірдің қымбаттығына онша мән бермеген сияқты. Бензин, нан қымбаттаса шулайды. Көмір тақырыбын неге үлкен шу қып көтермей отыр. Түсінген жанға көмірдің қымбаттауы үлкен трагедияға айналуы керек еді. Қанша қымбат десек те бензинге айына 100 000 жұмсамаймыз. Ал күзде 10 мың болған бір тонна көмірді 27 мыңға сатып жатыр. Үш есеге жуық қымбаттап отыр. Айына кем дегенде 3 тонна көмір керек. Есептей беріңіздер. Көмір үшін көп адам креслосымен қоштасуы керек еді. Олай болмады. Баға түспейді. Енді жыл сайын қыстан шығу үшін жүз мыңдап шығындалуға тура келеді.
Дәулет Серікбай,
Фейсбуктегі парақшасынан