Астанада студент қыз капрон колготки киіп, аяғын үсітіп алды
2018 ж. 24 қаңтар
9526
3
Астанада студент қыз капрон колготки киіп, аяғын үсіріп алды. Бұл туралы Instagram қолданушысы жазды.
Қазақ мемлекеттік заң университетінің 4 курс студенті аязды күнде аяғына капрон колготки киіп шыққан. Ол университет пен үй арасы жақын болғандықтан жеңіл киінген.
Нәтижесінде, аяғы үсіп кеткен.
Желі қолданушылары әр түрлі пікір жазуда. Бірі Астананың аязында үсіп кету әбден мүмкін екенін айтса, бірінің құрбысы да дәл осылай капрон кигеннен аяғы үсіп кеткенін айтты.
Мамандардың айтуынша, Салқын ауа-райында капрон суық тартып, аяққа жабысып қалады екен.
Дереккөз: stan.kz