Мемлекеттік тіл пайдаланбағасын жақсы жұмысқа қазақ тілділер алынбайды - Жұлдызай ФОРТ
2018 ж. 05 қаңтар
3697
15
Бір күні дүкенге барсам, қазақ сатушы маған қайта – қайта орысша жауап берді. Сонда ол орысша акцентпен қате сөйлеп тұр. Сосын менің « Қазақша сөйлеңізші!» деген өтінішіме: «Мы все здесь по – русски говорим» - деді. Мен мына сатушы оралмандарға да осылай қызмет көрсетсе, олар қиналады- ау деп, орысша: « Ну, Вы все равно говорите по-русски с акцентом, с ошибками – не проще ли ответить мне по-казахски, ведь я же обращаюсь к Вам на нем?» – дегенде ғана қазақшаға көшті.
Ондай жағдайлар көп кездескен соң, мен кезінде ауылдан келіп, орысша білмей қиналған қазақтарға орыс тілін менгерген әжептәуір жетістәк екенін, оны мақтан тұтатынын түсіндім. Кезінде бүгінгі мәңгүрттердің ата – аналарына да сол орысшаға қол жеткендері мәртебе болып, балаларын қазақ тілі керек емес деп үйретпеген. Ал көбінесе мәңгүрттердің жалғыз жетістіктері сол орыс тілі ғана – сосын олар одан айырылғысы келмей, қазақ тілінің дамуына кедергі жасап жатыр. Өкініштісі, кейбір қазақ тілділердің тіл жанашырларына қарсы шығып, олардың істерін жоққа шығарғысы келеді – ол көрермаушылық қой.
Мысалы, бүгін бір оқырман былай деп жазыпты: «Мен кеше бір тіл жанашырымен қырқысып қалдым. Өзі қазақша да дұрыс білмейді, әшейін видео жасап танымал болып, ұпай жинап жүр!» Мен ол жанжал іздеп жүргенін түсініп, комментін жауап қатпай, өшіре салдым. Былай қарасаңыз, расында қазақ тілін қорғап жүрген Руза, Ботагөз апайлар да, өзім де орыс мектептерін тамамдадық. Әрине, біз ана тілімізді қазақша мектеп бітіргендердің деңгейіндей білмейміз. Ол енді мүмкін емес – өйткені, ол үшін тағы 15 жылдай қазақша оқу керек. ФБ –да менің кейбір достарым қазақша тіпті білмейді – бірақ балаларын қазақ мектепке беріп, тіліміздің болашағына алаңдаушылық білдіріп жүр.
Ал жоғарыда атап кеткен қазақ тілділеріміз қазақты сөгуге ғана батыл, шовинисттерге, видео жасау түгілі, қазақша сөйлеуге қорқады. Бұның бәрі құлдық сананың белгілері: билік қазақшаны менсізбегеннен кейін, кейбір қазақтар орысша сөйлесе бір саты биіктеп «городской» боламын деп ойлайды. Осыны біз тек билікті қазақша сөйлеуге мәжбүрлеу арқасында жеңе аламыз. Қазақ тілі көп қолданылса, қарақөздерге жұмыс орындары көбейеді, қазақ тілінің қарсыластары елден көшеді. Сонда пәтерлердің, сатылатын бизнестердің бағалары төмендеп, қазақтар қалаға көшіп, кәсіпкерлікпен айналусыға оңайырақ болады.
Қазақ тілі пайдаланбағаннан кейін шетелдік, газ, мұнай компанияларындағы кем дегенде жалақысы 1500 – 2000 $ болатын жылы жерлерге қазақтарды алмай отыр емес пе. Ондай орындар аз емес, мен білемін. Ал біздің қаншама оқыған, ақылды, бірнеше тіл білетін жастарымыз официант болып жұмыс істеп, соған да қуанып жүр. Бұл барып тұрған әділетсіздік қой. Сол үшін әр қазақ жүрген жерінде қызметті қазақша көрсетуді талап ету керек. Соның арқасында біз ана тілімізге деген сұраныс тудырып, қарақөздерге жұмысқа орналасуына септігін тигіземіз.
Әрине, бірінші кезекте орысшыл биліктен мемлекеттік тілді қолдануды талап ету керек. Сонда бізді басқа ұлттар сыйлап, қазақтың әлемде беделі көтеріліп, ұлттық намыс, өзін- өзі жоғары бағалау, сенімділік пайда болар еді.
Жұлдызай ФОРТ, Фейсбук парақшасынан