Шетел әншісі: Қазақ кыздары қымбат көлік пен қалтаға қарайды
2017 ж. 11 желтоқсан
5968
3
Сондай-ақ әнші еліміздегі адамдардың ойлау пайымы, бай-бақуатты азаматтардың бақытсыз әйелдері жөнінде де сөз қозғады. Бұл туралы Сон ПАСКАЛЬ Tengrinews порталының «The Эфир» жобасында Ләйлә СҰЛТАНҚЫЗЫНА берген сұхбатында айтты.
Италиялық әнші Сон Паскаль көптен бері Қазақстанда тұрып, әншілік мансабын дамытып жүр. Осы уақыт ішінде ол қазақтардың тұрмыс-тіршілігін аңдап, ой-өрісі, менталитеті жөнінде өзіндік пікір қалыптастырып үлгерген. Әнші елімізге алғаш келгенінде біраз дүниеге қайран қалған екен. Сондай-ақ қыздардың бай-бақуатты жігіттерге көңіл бөлетінін де байқапты. Бұл жайт шетелдік әншіні қатты таңдандырғанға ұқсайды.
«Қазақ менталитеті материалдық жағдайға бейімделген деуге болады. Мұндағы қыздар қымбат көлігіңе, қалтаңдағы ақшаға назар аударады екен. Олар үшін аталған дүниелер өмірдің ләззаты сияқты. Мен бірақатар «ағашкалардың» әйелдері бақытсыз екенін көріп жүрмін. Мен олардың арасындағы секс дұрыс емес деп ойлаймын. Бұл сөзім бай-бақуаттыларды жамандағаным емес. Тек олардың әйелдеріне көңіл бөлетін уақыты жоқ екенін айтып отырмын. Адам үшін ең бірінші орында тұратын дүниелер – махаббат пен шығармашылық. Ал байлықтың бірінші орында тұруы мүмкін емес», – дейді әнші.
Дереккөз: Stan.kz