Нағима Есентаева Баян Мақсатқызының атышулы оқиғаға қатысты өтірігін әшкереледі
2017 ж. 01 желтоқсан
14779
48
Былтыр Баян Есентаева мен күйеуі Бақытбек Есентаевтың арасында орын алған оқиғаның дауы әлі бітпеді. Оқиғадан кейін белгілі продюсер ауыр халде ауруханадан бірақ шыққан соң, күйеуіне қатысты іс қозғалып, бас бостандығынан айырылған еді. Алайда Есентаевтың жазықсыз екенін айтып, ағасы үшін шыр-пыр болып жүрген Нағима Есентаева бұл жолы тағы да даулы оқиғаға қатысты пікір білдірді. Бұл ретте ол журналистер қауымына ренішін жеткізді, – деп хабарлайды Stan.kz.
Баян Есентаеваның бұрынғы қайын сіңлісі Instagram желісіндегі жеке парақшасында жариялаған жазбасында былтыр орын алған даулы оқиғаға қатысты пікір білдіріп, журналситерге ренішін жеткізді. Айтуынша, тілішілер істің байыбына бармастан, түймедейден түйедей жасаған көрінеді.
«Ағатайымның басынан дау кетпеді ғой. Бүгінгі жаңалықтарды естігеннен кейін жүрегім тілім-тілім болуда. Журналистерге айтарым: Неге Баянның айтуымен жазасыздар? Әділдік қайда? Айтатын болсаңыздар, неге істің анық қанығын біліп барып жазып, айтпайсыздар? Сіздердің айтқандарыңызға халық сенеді. Бір жерінен шышақ салынған болатын. Сіздер бірнеше жерінен пышақтаған дегенмен қоймай, тиран деп айтудасыздар. Пышақ бір жерінен салынғаны бүкіл тергеу істерінің бәрінде анық жазылған. Соның бәріне анық көздеріңізді жеткізіп барып, бір жақты етіп қана жазбауларыңызды сұраймын.
Ал Баян туралы айтатын жаңалықтарыңызға ағатайымды қоспауларыңызды сұраймын. Бақытбек ешкімді кінәламай, ашумен істеген ісінің жазасын артығымен алып, ешкімге, ештеңе айтпай-ақ тыныш отыр. Өйткені біз жалықтық бұл шудан жалықтық», – деп жазады Нағима Есентаева.
Ал Нағима Есентаеваның желідегі оқырмандарының пікірі қақ бөлінді. Бірі бұл істе Баян Есентаеваны жақтаса, өзгесі Есентаевтың әрекетін дұрыс деп бағалап, танымал продюсерді жазғырып жатты.