Ғалымдар автобуста егде жастағы адамдарға орын бермеуге кеңес берді
2017 ж. 21 қазан
7187
16
Ұлыбританиялық ғалымдар тобы зерттеу мақаласын жариялады, олар онда қоғамдық көліктерде егде жастағы адамдарға орын бермеуге кеңес берген, - деп хабарлайды РИА Новости.
British Medical Journal журналында жарияланған мақалада ғалымдар қарт адамдардың физикалық белсенділігі мен әлеуметтік қамтамасыз етілуінің байланысы жайлы жазған.
Хирург-ортопед Скартелтт МакНелли мен оның әріптестері қартаюдың басты себебі физикалық белсенділіктің аздығы және үнемі жаттығу жасау арқылы он жылға жасаруға болатынын айтады.
"Біз қартайған шақта демалуға кеңес бермей, белсенділікті арттыруымыз қажет. Автобуста немесе пойызда кетіп бара жатқанда қарт адамға орын беруден бұрын жақсылап ойланып алыңыз. Олар үшін тұрып тұру - жақсы жаттығу", - деді профессор Муир Грэй.
"Көптеген ауру адамның жасына емес, белсенділігінің азаюына байланысты. Көбірек жаттықсақ - сол тиімді іс болады", - деді Скартелтт МакНелли.
Оның айтуынша, стационарда емделіп жатқан адамдардың өзі серуендеп қайтуға немесе дәлізде жүруге уақыт табуы керек.
МакНелли мен оның әріптестері қоғамның егде жастағы адамдарға көбірек белсенді өмір сүруі үшін мүмкіндік жасауы керектігін айтады.