Сәләфиттер сақалдарын бояй бастапты
2017 ж. 23 тамыз
4504
6
Сәләфиттер сақалдарын бояй бастады. Сақалын қызыл түске бояп алған сәләфит туралы белгілі тележурналист Гүлмәрия Барманбекова өзінің Фейсбуктегі парақшасында жазды.
"Бүгін бір сұмдық жағдайдың куəсі болдым!
Такси тоқтатып тұрғам. Кенет дөңбектей ланкрузер келіп тұра қалғаны. Міне салдым. Рульде - еңгезердей қазақ жігіті. Селдір сақалы қып-қызыл.
- Ойбай балам-ау, сақалыңды бояп алғаның нең? - деппін ғой сасқанымнан.
- Бояу емес, қына ғой. Сахабалар сақалын бояған, біз де бояймыз, - демесі бар ма əлгінің.
Ішім қылп ете қалды. Əлгі сəлəфит деген сұмдығыңның дəп өзі болып жүрмесін! Құдай-ай, қайдан ғана отырып ем мына құрғырдың мəшинесіне!
Не де болса қорыққанымды білдірмеуге тырысып, ойыма келген сөзді тілге тиек ете бердім. Əңгіме Ислам құндылықтарына жалғасты.
- Шариғатқа қайшы келмейтін ұлттық салт - дəстүрге қарсы емеспіз.
- Сонда қазақтың қай салт-дəстүрі шариғатқа қайшы келеді екен?
- Мысалы сəлем салу.
- Сəлем салудың несі шариғатқа қайшы?
- Адам Аллаһтың алдында ғана иілуі керек, адамға емес.
- Адам адамға иіліп, ізет көрсетсе оның несі айып?
- Жоқ бұл ширк!
- Оны қайдан білесің?
- Құранды оқу керек! Хадистерді зерделеу керек!
- Құранды бір емес бірнеше рет, тіпті конспектілеп тұрып оқығам. Ондағы сөздер көктен түсті дегенмен, алғашында ауыздан - ауызға тарап, бірнеше ғасырдан кейін барып қағазға түсті емес пе? Осы екі аралықта ешбір сөзіне өзгеріс енген жоқтығына кепіліңіз бар ма? Ал хадистерді жазушылар да пенделер. Тіпті біріне-бірі, əуелдем құран сүрелеріне қайшы келетін хадистер бар,- деуім сол-ақ екен жирен сақал жігіттің жүзі сақалынан бетер қызарып, əп-сəтте булығып шыға келгені.
- 200 % гарантия берем! Құранның бір сөзі өзгермеген, қияметке дейін өзгермейді!
- Əй, шырағым, 200-іңді қайдам, 100 % ақиқат Құдайға ғана аян. Сен бар болғаны пендесің. Қалайша Құдайдан білгір боласың?
Жирен сақалдың аузына құм құйылды. Сол сəт ашуға булыққаны соншалық мəшинесін бұралаңдата ызғыта жөнелді. Құдды құтырынған иттей көзі алақтап кеткен. Зəрем зəр түбіне кетті! Құдай-ау, мынау неткен агрессия!? Жап-жас жігіттің зомбиланғаны сонша, дəп қазір мəшинемен бірге екеуің де төңкеріліп өл десе, солай етуден тайынбайтындай.
Енді қайтып сақалы бар адамды көрсем мəшинесіне отырмақ түгіл, алты шақырым аулақ қашатындай болдым".