Желі қолданушылары "әділетсіз" грант тізіміне наразылық білдіруде
2017 ж. 11 тамыз
3049
11
БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРІ ЕРЛАН САҒАДИЕВКЕ!
Құрметті министр мырза! Бүгін үміттерін үкілеген мектеп бітірушілердің мемлекеттік грант конкурсының нәтижесин жарияладыңыздар. Осы ФБ-да талай реформаларыңыздың талқыға түсіп жатқанынан оқитынмын. Өзімізге тікелей тимесе, шет тартып жүру қанымызда бар қазақ екенімді мойындаймын. "Ашынғаннан шығады ащы даусым" деп басына түскен адам айтса керек.
Сіз өзіңіз болашақ қоғам мүшелерін дайындайтын салаға жауапты екеніңізді түсінесіз бе? Себебі:
1. Биылғы мектеп бітірушілерге 2 форматта болады деп оқу жылының басынан айтқаныңызбен, нақты бұйрықты 2017 жылы бердіңіз.Ақпан айына дейін профильді 2 пән болады деп айтылғанымен, нақтысы белгісіз болды? Емтиханның қалай, ҰБТ-ның қалай болатынын ешкім де білмеді. Наурыз айына дейін еш жерден емтиханға да, ҰБТ-ға дайындалатын нақты сұрақтар болған жоқ.
2. Ал,Сіз есесіне оқу жылы бойы, грант конкурсы жалпыға бірдей ашық та адал өтеді деп балаларымызды сендіріп келдіңіз!
3. "Алтын белгіні" бұрын ҰБТ-ты нәтижесімен беретін болса, биыл мектептегі емтиханнан кейін бергіздіңіз! 4. Өздері ұсынған оқушыларына өздерінің "алтын белгіні" бермей тастамайтыны айдан анық нәрсе. 5. Сол "алтын белгі" иегерлерінің көбісінің биыл ҰБТ-да қанша балл алғандарын ел біледі. 6. "Алтын белгі"иегерлері де жалпы конкурсқа қатысады деп неге өмірге енді қадам басқан жеткіншекті алдадыңыз? Қоғамға, министрге деген сенім осы әділетсіздікті көрген балада қайдан болады? 7. Әлде ҰБТ-дан қорғай алмаспыз, "алтын белгіні" халықты алдап алып алайық,елге білдірмей астыртын бұйрықты шығарып,грантты өзара бөліп алу мақсаты тұрды ма? 8. Сіз 26.07.2017 №446 Үкімет Қаулысымен "алтын белгі" йегерлерінің артықшылығын қабылдатасыз!!! 9. Сіз үшін халықтың балалары ойыншық па? Грант аз бөлінетін мамандықтарға бұрын да әрине "қорғаса" алтын белгі йегерлері алады деп, жалпы конкурсқа түсетін бала грант мүмкіндігін, өз мүмкіндігін ескере отырып 5-ші пәнді таңдайтын еді. Биыл "Барлық үміткерге бірдей конкурс болады" деген соң, балаларымыз Сіздің түсініксіз 2 форматыңызға да күндіз-түні дайындалды.
10. Нәтижесінде БҮГІН, ЯҒНИ 10 ТАМЫЗ 2017 ЖЫЛЫ "ӘДІЛЕТСІЗ КОНКУРС" ШЫҒАРДЫҢЫЗ!!! 11. Себебі, 80-100 аралығында балл алған "алтын белгі йегерлеріңіз" грантқа түсіп, 100-120 аралығында балл алған оқушылар грантсыз қалды. 12.Егер Сіз ҰБТ-ға ешқандай өзгеріс енгізбегеніңізде, бұндай әділетсіздік болмаған болар еді. 13. ҰБТ қорытындысымен "алтын белгі" берілгенде бұншама қыруар йегер болмаған болар еді. 14. Жылдың басында артықшылықтар сақталады дегеніңізде таңдау пәнін де ойланып таңдаған болар еді. Жоғарыда аталғандарды ескере отырып, конкурс нәтижесін қайта қарауыңызды сұраймын!
Балалардың не жазығы бар! Әділдікпен шешім қабылдаңыз!
Абай Нұрмағанбетов, Фейсбук парақшасынан