Баян туралы жаңалыққа бөрінің артындай шулайтынымыз не?
2017 ж. 05 шілде
3352
3
Үш-төрт жігіт жол-жөнекей бір ауылға соғып, ауыл азаматтарынан жөн сұраса, олар қылжақтап, тіпті, арасында боқтап та жіберген сияқты...
Ауылдың шетінде тұратын бір әжеден сусын сұрап ішіп, болған жағдайды баяндайды.
Әже:
- Бұл ауылда оңған адам жоқ, ішіндегі ең тәуірі менмін, бірақ менің де оңып тұрғаным шамалы, - деген екен...
Сол сияқты мен де оңып тұрған адам емес екендігімді жақсы білемін және іштей сеземін. Осында аузыма келгенді жазып, Сіздерді "мазалап" қоямын. Дегенмен, көгеннен қозы, белдеуден бозы үзілмеген қазақ көгершінін сұңқардай, көтерем атын тұлпардай етіп, эксперссивтік интонациямен сөйлейтін осы ұлттың өкілі болғандықтан, кейде бояуын қалыңдатып жазып жіберетін кездер де болып жатады...
Неге екенін білмедім, Сіздердің әлеуметке ой салатын посттарыңызды аз оқиды, өсек-аяң, жазушы Баян туралы болса, бөрінің артындай шулап кететінін байқап қаламын. Оның "белгілі" себептері де болуы ықтимал. Жеңіл әндерге деген құмарлық санамызды жаулап, ойлаудан алыстатып бара жатқандай ма қалай? - деген ой сіздің тесіктегі түйіткіңізден де сығалайды деген ой туып, қалам алуға тура келді.
Сіздің "бір жеріңіз" маған қатты ұнайды, деген әнді бірнеше ондаған мың адам тыңдап, тіпті пікір де жазыпты. Бұл ненің көрсеткіші? - деген ой Сізді де мазалайтынын жақсы түсінемін.
Осы әнді айтып жүрген жастарға: - Қой, - дейтін қожа, Ай, - дейтін ажа болмағаны қоғамдағы келеңсіз бір құбылыс сияқты көрінеді маған... Мүмкін менікі қате пікір шығар, бәлкім?!!
Бұл тақырыпқа өткір сын айтпай жүрген біздің де кінәміз бар екені, ащы шындық!!! Қоғамның "дамуына" үндемей ғана, өзіміздің көмегімізді көрсетіп жатырмыз. Бұған сіз де, мен де кінәлі сияқтымыз...
P.S. Басында әке айтпаса, ақыл - жарлық.
Ағайын табылмаса ой саларлық.
Қалжыңбассып өткізген қайран дәурен,
Түбінде тартқызбай ма ол бір зарлық.
Абай Құнанбайұлы.
С. Нұрсила,
Фейсбук парақшасынан