Алып кесіртке турист қызды жеп қойды
2017 ж. 01 шілде
6080
2
Тайландта 30 жастағы бельгиялық туристің өлімі тексерілуде. Оның кесіртке кеміріп тастаған сүйегі сәуір айының соңында Тау аралынан табылған болатын. Полиция оның туыстарына бойжеткен өз-өзіне қол салғанын хабарлаған, алайда Элизаның отбасы бұған сенбейді, деп хабарлады, Вести.ru.
Кесіртке Даллемангенің денесін кеміріп тастағаны соншалық, оны стоматологиялық сараптаманың көмегімен ғана анықтау мүмкін болды. Қыздың ата-анасының айтуынша, ол соңғы айларда әлемді шарлап, йоганы үйреніп, медитациямен айналысып жүрген. Соңғы рет туыстарымен қайтыс болардан бірнеше күн бұрын «Скайп» арқылы сөйлескен. Оның көңіл-күйі көтеріңкі болған. Жанға жайлы жерде табиғатпен үндесіп өмір сүргеніне бақытты еді. Элизаның денесінің жанынан оның өлер алдында жазуы мүмкін хаттың табылмауы - ата-анасының күдігін тудыруда. Журналистердің пайымынша, полицейлер туристерді шошытып алмас үшін шетелдік қыздың нақты қалай қаза тапқандығын жарияламай отыр. Соңғы үш жылда Тау аралында жеті адам ажал құшты. Олардың барлығы ұзындығы үш метрге жететін кесірткенің құрбаны болған. Олар улы, көп жағдайда өлімге алып келеді.