Танымал қазақ актрисасы Шәкәрім өлеңдерін насихаттаймын деп эротикалық фильмге түскен
2017 ж. 14 маусым
9898
6
Бибігүл Ақтан деген қарындасымыз Шәкерім қажының поэзиясын насихаттау үшін "Көңілдес" деген фильмде жалаңаш түсуге мәжбүр болыпты.
Ұлы поэзия үшін сондай құрбандыққа барыпты. Керемет қой мынау! Ерлік екен! Үлкен дүние жасадым деп тұр ғой. Бірақ, ол қыздың фильмге түсуге қатты құмартуы, тіпті эротикалық сахнаға шығуына Шәкерім поэзиясының қатысы қандай екенін түсіне алмай отырғаным.
Шәкерімді насихаттаудың ең төте жолы осы болды ма? Әлде, кинотүсірілімнің қызуы басылған соң ақталудың амалын іздеп жатыр ма? Жалпы, Шәкерім мұрасын болашаққа жеткізуді көксеп жүрген ақынжанды ағайын, біздер істейтін бірдеңе қалды ма осыдан кейін?
Серік Жанболат,
"Фейсбуктегі" жазбасы