Белгісіз біреулер Астана аялдамасындағы кітап сөресін ұрлап кетті
2017 ж. 05 маусым
2972
4
Белгісіз біреулер Астанадағы автобус аялдамасында тұрған кітаптар сөресін ұрлап кеткен.
“Достар! Өкінішке қарай аялдамадағы кітап сөресін ұрлап кетіпті. Өте қатты ренжіп отырмын”, – деп жазды Эльвира Жүргенбаева Фейсбуктағы парақшасында.
Оның айтуынша аялдама Сарыарқа даңғылының бойында орналасқан екен.
“Тұрғындар аялдамаға кітапты тегін тастап кете алады, бізде біраз кітап жеткізгенбіз. Бұл кітаптарды көп адам оқи алар еді”, – дейді ол. Бұған дейін Астана аялдамаларында электронды кітапханалар да пайда болған еді. Кез-келген адам кітапты электронды форматты QR-код арқылы алып оқи алады.