Шыңғыс хан - ҚАЗАҚ!
2017 ж. 10 мамыр
13093
52
Шыңғыс хан қазақ па, моңғол ма деген сұраққа ой айтудан қашатын едім. Бірақ бүгін кішігірім ойымды айтуды жөн көрдім. Шыңғыс ханды қазақ деп тану тек қана тарихи емес, саяси маңызға ие. Идеологиялық салмағы да аса жоғары. Неге? Енді ойлап қараңыз. Біз көптеген хандарымызды Шыңғыс ханнан бастау алды, яғни төреден тарады деп есептейміз. Абылай ханның өзін Орда Еженнен тарқататын жайымыз бар. Ал Орда Ежен Шыңғыс ханның немересі. Сөйте тұра Шыңғыс ханды моңғол десек, сол арқылы Абылайды да, өзге хандарымызды да автоматты түрде моңғол қылып шығармаймыз ба?! Бұл дегеніміз геополитикалық тұрғыдан үлкен минус, тіпті соққы. Шыңғыс ханды моңғол деп тапсақ, "қазақтың тарихы да, мемлекеті де болмаған" деп сандырақтап жүрген солтүстік көршіміз, ендігі таңда "қазақтарды моңғол басқарған, өйткені Шыңғыс хан моңғол, ал қазақ тарихындағы хандардың көбі содан тарағандар болды" деп жарыса жазатын болады. "Қазақты өзге ұлт билеген" деп те соғуы мүмкін. Сондықтан Шыңғыс хан қазақ. Бұл құр айғай емес, ақиқаты осы. Тарихшылар оған сан дәлел келтіруде. Ал моңғол халқына келетін болсақ, қазіргі Моңғолияда тұратын моңғолдар Шыңғыс хан дәуіріндегі моңғолдар(түркілер) емес. Олар кейіннен қазіргі Қытайдан көшіп барған. Оған да сан деректер бар. Шыңғыс хан дәуірінде Моңғолия мен Орталық Азияда тек қана түркілер күн кешкен. Шыңғыс хан - ҚАЗАҚ! Ал оның жауыз ба, жауыз емес пе, жаулаушы ма, мемлекет құрушы ма екендігі басқа әңгіме. Жалпы ойым осындай.
Асхат Қасенғали,
Фейсбук парақшасынан