Белгілі сазгер отандық шоу-бизнесте жыныстық қатынаспен ақша табатын қыздардың барын айтты
2017 ж. 06 сәуір
10482
11
[caption id="" align="aligncenter" width="676"] Көрнекі сурет[/caption]
Танымал сазгер Қалдыбек Құрманәлі бақуатты кісінің көңілдесі болып жүрген эстрададағы әнші қыздар туралы шындықты жайып салды. Оның айтуынша, жақын танысы қазақ шоу бизнесіндегі 12 әншіге бір-бір зәулім үйден алып берген.
Бағдарлама барысында өзінің әкесіндей адамға көңілдес болудан қашпайтын, керісінше соған ұмтылатын қыздар туралы да сөз қозғалды.
Осыған қатысты эфирге қонақ ретінде шақырылған сазгер ондай қыздар журналистер арасында да, әншілер мен ел алдында жүрген қыздар арасында да жетіп артылатынын тілге тиек етті.
«12 әншіге Алматыдан бір-бір коттеджден алып берген кісіні танимын. Ол қыздардың барлығы қазақ эстрадасында ел алдында жүргендер», – деп ашық айтты ол.