"Кеңес заманында орысша оқыған балалар қазір билікте отыр" - Әбдімәлік Исаев
2017 ж. 04 сәуір
2771
7
Бірде жасы үлкен кісілермен дастархандас болып, ет жеп, қымыз ішіп сұхбат өтті. Өмір, дін жайлы, салт-дәстүр мен тіл жайлы әңгіме өрбіді. Мен тек тыңдаушы болып отырып, бір сұрағым бар дедім: «Адамдық пен надандықтың айырмасын қалай түсінуге болады?» дедім.
Отырғандар тосылып ойланып қалды. Бір ақсақал өз ойымды айтайын деді: «Баламды орыс мектебіне беріп оқыттым, адам бола ма десем, қазаққа қарсы надан болып шықты» деді.
Екінші ақсақал: «Кеңес заманында бүкіл зиялының қаймағының бала шағасы орысша оқыды, солар қазір билікте отыр. Олар орыс тілділер – адам, қазақ тілділер – надан деген ұстанымда жұмыс істеп отыр» деп сөз түйді.
Әбдімәлік Исаев,
Фейсбук парақшасынан