ИТТЕР ДЕ ҚАЗАҚША ҮЙРЕНІП АЛДЫ...
2017 ж. 26 ақпан
7403
10
Бір қарындасым ит туралы постым үшін маған алғыс айтып, жекеме былай деп жазып жіберіпті. Кішкене күліп алдым))))
«Мен де ит асыраймын. Бірақ оны үйде емес, аулада ұстаймын. Арасында паркке апарып серуендетіп қайтамын. Кейде қатты ұяламын. Мені көргендер «ит жетектеген қазақты бірінші рет көрдік» дейді. Өзім сосын осы қылығым шынымен де қазақ қызына ерсі емес пе, жаман әдеттің тарап кетуіне себепші болып жүрмеймін бе деп ойланып қаламын. Балам оны (лабрадорды) орыстардан алған. Бастапқыда сөзімізді түсінбей жүрді. Кейін қазақша үйреніп алып, айтқанымызды істейді және қазір қазақша ғана үретін болды..."
Жолымбет Мәкіш
Фейсбук парақшасы