Серік Жанболат: АЯҚ САЛУҒА ДА АБАЙЛАҒАН АБЗАЛ!
2017 ж. 25 қаңтар
2957
1
Теледидардан репортаж жүргізгенде зуылдап сөйлеу міндет пе екен? Айтпақ дүниеңді түсініп алып, соны байыппен жеткізу міндет емес пе екен?! Жас журналистер қолына микрофон алып зуылдай жөнелгенде, тап қазір өзім бірдеңе бүлдіретіндей тақымымды қыса бастаймын. Өткенде жаңалықтарды қарап отырсам, бір қыз бала "мына жерге аяғымды салып тұрып" деп ауыл шаруашылығы мәселесін төпелеп жатыр. Отырған орнымнан құлап түсе жаздадым. О заманда бұ заман, қазақ "аяқ салу" деп бір ғана дүниені, бір ғана "шаруашылықты" айтпаушы ма еді? Атам заманнан! Міне, "Алпамыс" қиссасынан үзінді келтірейін:
Көз жасы Байбөрінің бетін жуды, "Көрмей-ақ өлем бе,- деп,-үйден дуды". Сол кезде Құлтайдың аяқ салған, Тезекші қара күңнен бір ұл туды.
Мінекей, көріп тұрсыздар, аяқ салған соң әйелдер бала табады. Осыны ұмытпаңыздар! Аяқтарыңызды басқа шаруашылық жеріне салудан абай болыңыздаршы деп айтқым келген. Қазақ баласын үйлендіруді "аяқтандыру" деп текке айтпайтын шығар?