Баян Есентаеваның қызы елді тағы шулатты (ФОТО)
2017 ж. 02 қаңтар
7710
7
Танымал продюсер Баян Есентаеваның қызы Айсауле Бақытбек өзінің инстаграм парақшасында жігітімен сүйісіп тұрған фотосы мен жаңа жылдық кешке арнайы тігілген дизайнерлік көйлектегі видеосын жариялады, - деп жазады Қамшы.
Жігітпен сүйісіп тұрған фотосына пікір білдіру қосымшасын алып тастапты. Соған қарағанда халықтың оны сынайтынын алдын ала білсе керек. Ал қысқа жаңа жылдық көйлегіне қатысты халықтың пікірі екіге жарылды. Бірі көйлектің тым қысқалығын айтып, қазақ қызыны тән еместігін ескертсе, екіншісі «жас қызға не кисе де жарасады» деген сарындағы пікір білдірген. Оны 221 987 адам көріп үлгерген. Айсауле Бахытбек бұдан бұрын да ашық киіммен түскен фотосымен елді біраз шулатқан. Ол кезде Қазақстандық бутиктің киімін жарнамалаған еді. Жалаңаш денеге костюмді киіп түскен фотосының астына «I am crazy but you like it» (Мен ессізбін, бірақ саған бұл ұнайды) деп жазған еді. Фотодан қыздың жартылай жалаңаш денесі көрініп тұр.