"Зейнетақым 376 мың теңге. Сіздерде ондай зейнетақы түгілі, ондай еңбекақы жоқ екен"
2016 ж. 24 қазан
5991
4
Поезда кездейсоқ танысып, Астанаға барарда, сапарлас болған Қытай елінің азаматтары - Мерлат пен Кәдірхан Ғизат кеше Семейдегі үйімде қонақ болып кетті. Балаларын Астанаға оқуға түсіріпті. Кәдірхан айтыскер ақын екен. Қытайда Айнұр Тұрсынбай мен Сара Тоқтамыспен айтысыпты. Ойлары таяу болашақта қазақ еліне келу. Қазір мұнда ат басын бұрғандар өте көп, дейді. Алайда, жемқорлық сіздерде кең құлаш жайып, тамырланып алыпты. Осы жағы келеміз дегендерге ауыр тиеді. Онымен қоса Қытайда 30 жыл еңбек өтелімің болса зейнетке шыға бересің. Міне, мен 53-темін, зейнеттемін. Мәдениет саласында қызмет еттім, зейнетақым 8 мың юань, немесе 376 000 теңге. Сіздерде ондай зейнетақы түгілі, ондай еңбекақы жоқ екен. Осылар қиындау болып тұр, дейді. Иә, ойланатын жәйт.