Төрт жігіттен басқа мәселе қалған жоқ па?
2016 ж. 22 қазан
4051
2
Дүкеннен келдім. Дүкеннен зат емес, ой сатып алып шықтым. Дүкенші жігіт:
-Аға, сіз журналиссіз ғой.
-Иә, айналайын!
-Бір нәрсе сұрайын деп едім.
-Сұрай ғой.
-Әнебір 91 деген топты білесіз ғой.
- Еее, әнебір төрт жігіт пе?
- Қыздар сияқты төртеу. Естідіңіз ғой, бірнеше қалада олардың концертін болғызбай тастады. Біз де соларға қарсы жиналып, бірдеңе жасайық деп жатырмыз. Қалай қарайсыз?
- Ешқалай қарамаймын. Бәріңнің жінігіп қуалап жүргенің төрт жігіт пе? Айналдырған төрт жігіт. Одан басқа елдік, ұлттық мәселе қалған жоқ па? Жер мәселесі , ел мәселесі, шекара дегенде тура осылай алып-ұшпайсыңдар. Барлық биік ойларың төрт жігітпен күресуге жетсе - мен не айта аламын? Алдарыңа сол төртеуін салып алып қуалаңдар.
- Жоқ, аға, жер, ел мәселесінде де үнсіз қалмаймыз. Бірақ, мыналардікі - тіпті енді.
- Ойларың жеткенін істеңдер.
Ой сатып алдым. Ұсақ ой. Майда. Ұлтымды жініктіріп тұрған ең үлкен мәселе қазір осы екен. Алдым, қайтем енді?
Серік Жанболат,