Немересіндей қызды тоқалдыққа алған Амантай қажы "педофил" емес пе?!.
2016 ж. 16 қыркүйек
3148
3
Танымал журналист Қуандық Шамахайұлы жасы жетпіске келгенде тоқал алмақ болған Амантай қажыны сынға алды.
Бұл туралы ол Facebook парақшасына жазды деп хабарлайды NUR.KZ.
"Амантай қажы тоқал алды деп желі қолданушыларының алақайлайтын еш реті жоқ. Немересімен жасты әйелмен бас қосу арсыздық, әрі орта ғасырға кері кетіп азғындаушылық. Оны кереметке балаушылардың естерінің дұрыстығына күмәнім бар. Баспен ойлау керек қой, ышқырмен емес. Көшпенді халықтар дәстүрінде бір мүшел жас кіші әйелмен некелесуге тиым салған заман болған. Ал, қазір 2-3 мүшел жас кіші болса да оған қарап жатқан жоқ. Күндердің күнінде қызың 18 жасқа толғанда 70-тегі шал тоқал етуге айттырып келсе батаңды бересің бе?", - деп жазады журналист.