Масқара! Танымал әнші қазақ жастарын гей болуға үгіттеп жүр ме?!.
2016 ж. 06 қыркүйек
6957
10
Әлеуметтік желіде “Орда” тобының мүшесі, «91» тобының продюсері Ерболат Беделхан гомосексуал жігіттерді қолдап, «қызтекелерге» демеу болуға әзірлігі жөнінде ақпарат таратыпты-мыс, – деп хабарлайды stan.kz.
Танымал сайттардың бірі Ерболат Беделханның гейлерге қатысты пікірін жариялап, жұртты шошытты. Онда қазақ эстрадасының танымал жұлдызы «Олар адам гей болсада, біз оларды қоғамнан шеттетпеуіміз керек, оларда өмір сүруге ақысы бар, мен оларды қашанда қолдаймын және демеу боламын, Қазақ жастарына айтарым қызтеке болғанда тұрған ештен жоқ бастысы мирімді болындар дер ем (орфографиясы сақталған – агент)», – делінген.
Алайда танымал продюсер Ерболат Беделхан Инстаграмдағы жеке парақшасында осы материалдың скрин-шотын жариялап, астына мынадай пікір қалдырыпты: «Өтірік! ешқашан жерде жатпайды ағайын. Амал барма, кешірем! сірә өз қазағым».