Қоғам белсендісі: Үкімет өзін-өзі сыйламаса, оны кім сыйлайды?!.
2016 ж. 05 тамыз
2740
0
Мен бүгін ОҚ облысы әкімінің орынбасарына хат беруге әкімдікке барып едім, шортының да қысқасын киген бір қыздың ішке кіріп бара жатқанын көріп қалдым. Таң қалғанымды жасыра алмай, есік аузындағы жас лейтенантқа: "Мынадай киіммен де кіргізе бересіңдер ме?" деп едім, ол "Әкімдік қызметкері емес, гражданка, қандай киім киетінін әркім өзі біледі" деп, құқық жайлы менің "сауатымды ашып" тастады...
О, сорлы қазағым! Өзін өзі сыйламаған үкімет, сені кім сыйласын! "Әркім не істесе өзі біледінің" аяғы ертең-ақ бізде де еркек еркекке, әйел әйелге, баласы анасына үйленуді заңдастырумен аяқталады. 2005 жылы "Үкіметке қазақ керек емес!" деген марқұм Гер-ағам, не деген көреген едің!..
Өмірзақ Ақжігіт,