Сәләфтар отпен ойнап жүр...
2016 ж. 20 шілде
2655
8
Қазақтың мінін тізіп, қазаққа ақыл айтты... Үндемедік... Күңіреніп, көсемсіп, көлгірсіп, қазақтың жоғын түгенсіді... Былқ етпедік... Өздерін "мыңмен жалғыз алысқан" Абай сезінді... Өздерін ұлттың тағдырына жауапты Президент сезінді... Тіпті қазақтың "Ұлы Құтқарушысымыз" деген деңгейге жетіп қалды~ау деймін... Бақсақ, қазақтың ғасырлар бойғы көрген қасіретіне олар ұстанған "Ұлы Жолды" ұстанбауымыз себепші екен... Олар алмаған асу қалмады... Олар шықпаған мінбер қалмады... Олар айтпаған ақыл қалмады... Бәрін қойып, енді адамдарды ата бастады... Кешегі жазықсыз құрбан болған азаматтарды қойдай қырған террористерге елмен қоса лағнет айтып, көсіліп, қабырғасы "сөгіліп" көсемдері отыр... Кәдуілгі салафиттер армиясының көсемдері.... Билік те, олар да ойнайды отпен... Халық ~ от, лап етсе, тоқтамайды... Отпен ойнамаңдар! Қазақтың Ұлы құтқарушысы ~ Ұлы Жаратушы ғана! Өздеріңе көп алмаңдар, салафиттер!
Дина Елгезек,
Фейсбук парақшасынан