WI-FI қосуға қорқатын болдым... Ішінен Еспанов атып шықпай па екен?
2016 ж. 15 мамыр
3823
1
"Теледидарды ашып қалсаң -Ғафекең, Радионы басып қалсаң – Ғафекең! Журналдарды парақтасаң – Ғафекең, Газеттерді қарап қалсаң – Ғафекең. Дунай бойын араласаң – Ғафекең, Думан-тойға бара қалсаң – Ғафекең. «Мына біреу оңашалау кафе екен» Деп кіріп ем… Мұнда да отыр Ғафекең"- деген Жарасқан Әбдірашовтың әзіл өлеңі бар еді.Сол сияқты жаңа ғана каналдарды ауыстырып жатып "Балапан" каналына көзім түсіп кетті.Мұнда да әртіс болып Нұрлан Еспанов жүр.Бұл кісі Ғафу Қайырбековпен салыстыруға келмейді,әрине.Бірақ осы өлеңді Еспанов деп өзгерте салсаң болды,қалғанының бәрі қаз-қалпында тұра қалады-ау. Асанәлі Әшімов көкеміз ел танитын,экраннан түспей жүрген белгілі тележұлдыз бір інісіне жолыққан кезде: "-Қазір үйдегі үтікті қосуға қорқып қалдық,ішінен сен шығып қалатын сияқты боп тұрасың"- деген екен. Мен де Алтелдің 4G WI-FI -ын қоссам ба,қоспасам ба деп ойланып отырмын.Ішінен Еспанов атып шықпай па екен?
qazaquni.kz