"Қытайларға берсең бере салшы, солар да бір жарымай қойды ғой"
2016 ж. 08 мамыр
3498
0
САДАҚА.
- Шеше деймін, ол қайыршы емес деймін, оған садақа бермей-ақ қой!
- Қалай қайыршы емес?! Мына қыздың киіп жүрген шалбарының тізесін қарашы әбден дал-дұлы шыққан!
- Мода сондай, шеше
- Қойшы, сен. Ауылдан келді екен деп мені әйтеуір мазақ қыла бересіңдер!
Бұндай мода бола ма?! Жақсы онда онда садақамды мына балаға берейін – ағасының шалбарын киіп алғаны көрініп тұр. Қарашы, балағы қып-қысқа
- Ойбай, шеше! Жолама оған
- Неге байғұс! Бұл да мода ма?
- Мода емес, молда ғой, шеше
- Түуу, мені жарым қылып болдыңдар ғой, түге! Е, мына қызға берсем ше?
- Шеше, ренжімеші! Тек бұл қыз емес, жігіт, шеше
- Не дейіт, көтек! Шашы ұзын болғасын қайдан білейін. Ал мына тақырбас балаға беремін-ау, аш секілді, көзінің асты көгеріп кетті. Өй, мынау тошны бала ма, өзі?!
- Шеше, соны мен өзім де айыра алмай тұрмын
- Қой, кеттік, онда. Өзімше бір садақа бере қойын деп едім, болмады ғой. Ау, мына өріп жүргендер кім?
- Қытай туристтері ғой, шеше
- Осыларға бере қойсам не қылады?
- Берсең бере салшы. Осылар да бір жарымай қойды ғой.
Нұрлан Сәдір
qazaquni.kz