Біз неге кедейміз?
2016 ж. 09 сәуір
2333
0
Біз - Оңтүстік Қазақстан облысының тұрғындары "Облысымыз өте бай" деп мақтанғанды жақсы көреміз, несие алып той жасаймыз. Тойға мың адам шақырамыз, дастарханға құстың сүтінен басқаның бәрін қойып, шашыламыз.
Өзімізді бай санағанымызбен бюджеттік тұрғыдан ОҚО өте кедей облыс. Көлеңкелі бизнес, табысты жасыру, салықтан жалтару арқылы облыс бюджетіне ақша құймаймыз. Сөйтіп республикалық бюджеттен қаржы "тіленіп" отырамыз. Өйткені облыс бюджетінің 80 пайызы трансферттік қаржы, 20 пайызы ғана салықтан құралады!
Асхат Шотаев (Қаржылық ашықтылығы мен есептілігі семинарында тапсырмаға орай жазылған пост)