«Керекті дәрі-дәрмек халықтың қолына жете бермейді»
2023 ж. 18 маусым
23935
4
Сең қозғалып, билікте жемісті өзгерістер болып жатыр екен! Көлгінов көш бастап, Ильин, Аружан Саиндар қызметтерінен кетіп, орындарына жаңа адамдар тағайындалыпты. Жаңа келген басшылар ұлтына адал қызмет етер деп тілейік.
Өмірлік маңызы жоғары Денсаулық Сақтау министрлігіне де түбегейлі өзгерістер керек. Министрліктен бастап, облыстық және қалалық денсаулық сақтау басқармаларына да өзгеріс қажет. Шырмауы көп Денсаулық сақтау министрлігінің «ФОРМУЛЯР» деген жаңа бағларламасы ашылғалы, керекті дәрі-дәрмек халықтың қолына жете бермейді. Емханада да, әлеуметтік үйлерге осы формулярды сылтау етіп есепте бар, емге жоқ дәрілерді береді. Ақшаң болса дәріханалардан жаның үшін аласың. Емханаға жатқан науқас жандарға өздерінің бизнес формулярын атап дәрі жоқ деп шыға келеді! Бүкіл Қазақстандық медициналық мекемелерді өз арнасына түсіріп халықтың денсаулығына мән бермейтін Денсаулық Сақтау министрінен бастап, облыстық, қалалық денсаулық салаларына толық түбегейлі өзгерістер керек!
Ақшасы барлар емделеді, ал ақшасы жоқ және әлеуметтік үйлердегі қарттар мен мүгедектер қалай күн кешпек? Портал деп уақыт созуы да оларға қолайлы себебі порталда күшті бизнес көзі олардың...
Мәмбет Құрманбаев,
Фейсбук парақшасынан