Дәрігерлер емделуші қарттар үйінен болған соң салғырт қарай ма? - Мәмбет Құрманбаев
2022 ж. 09 қыркүйек
38617
0
Түркістан облыстық Денсаулық сақтау Басқармасы және Түркістан облыстық Әлеуметтік Қорғау Басқармасы және Шымкент қалалық Денсаулық Сақтау Басқармасы назарына!!!
Ашынғаннан шығады ащы даусым дегендей осы осы постты жариялауға мәжбүр болып отырмын!
Осы биыл 23-маусым күні біздің Қарттар үйінің директоры Шырынбекова Шәрбат Оразәліқызының арқасында Шымкент қалалық жұқпалы аурулар емханасына ешқандай жолдамасыз таныстығы арқасында емханаға жаттым, алайда 4-бөлім меңгерушісі біздің директордың құрбысы болған соң ешқандай диагнозсыз, ешқандай анализсіз өзі білген диагнозды қойып емдеу бастады. Қойылған диагноздың үшеуі сәйкес ал қалғандары менде мүлдем жоқ кеселдерді тіркеген, содан берген дәрілері мен салған уколдары кері әсер беріп, міне содан бері төсек тартып жатырмын!
Қазіргі таңда далаға яғни аулаға шығуға зар болып жатқан жайым бар! Менің сонда ем алып жатқанымды Ақ Жолдық Шымкент қалалық маслихатының депутаты Төлегенова Ноян Назарұлы толық хабардар және сол емхана әкімшілігіненде хабар алған. Менің осы жатысыма мекеме директоры Шырынбекова басқа да дәрігерлерге көрсету жөнінде айтып еді, бірақ мен басшының әуелгі дәрігері мынадай хәлге душар еткен соң сенімім жоғалды. Ал мекеме дәрігері Заур Байрамов пен Чапаевка емхана неврапатологы Медет Дәрібаевтардың жазған емдерін алудамын бірақ ешқандай анау айтқандай жәрлемі жоқ! Емдетемін деп бұрынғы күніме зар болып жатқан! Жұқпалы аурулар емханасының берген выпискаларының көшірмелері Шымкент қалалық маслихатының депутаты Төлегенов Ноян Назарұлында бар! Әлде қарттар үйінен ғой деп салғырт қарады ма екен? Бұл жерде кім жауап береді адам өміріне!
Мүмкіндігі бар азаматтар көмек көрсетулеріңізді сұраймын!
Мәмбет Құрманбаев,
Фейсбук парақшасынан