«Қазақ тілінде сөйлей алмайтын жастар үшін ата-аналары кінәлі»
2022 ж. 09 тамыз
30215
0
Ұядан не көрсең ұшқанда соны ілесің. Қазақ тілінде сөйлей алмайтын жастардың пайда болуына сол жастардың ата - аналары кінәлі . Сол ата - аналардың біразымен тілдесіп көрдім.
Айтатындары: "Біз Кеңестік дәуірде өмір сүргенбіз" - дейді. Өзбектер де Кеңестік дәуірде өмір сүрді бірақ олар тілін ұлттық танымы мен дәстүрін жоғалтқан жоқ .
Бұл проблеманың ішкі жағына үңілсек ұлттық намысқа келіп тіреледі. Демек біздегі әсіресе Солтүстік өңірде тұратын қазақтардың басым көпшілігінің ұлттық намысы төмен. Тәуелсіздік алғаннан бері ширек ғасырдан астам уақыт өтті. Әлгілердің жүрісі сол баяғы еш өзгеріссіз. Біреулер көш жүре түзеледі деп айтады. Бұлай деп айту өзімізді алдарқату.
Орыс тілділер көш түгілі бір қадамның жартысын да басқан жоқ. Сол баяғы көрініс. Әжесі немересімен орысша сөйлеседі. Мен орыстанып кеттім ең болмаса немерем қазақ тілін еркін меңгерсін деген талпыныс жоқ .
Алды 1980 - жылдары туылып Кеңестер одағы есінде жоқ, соңы тоқсаныншы жылдардың ортасы мен аяғында туылған есі кірген екі ұрпақ дүниеге келді. Шыны керек біздің қоғам өзін айыптаудың орнына көш жүре түзеледі деп өз өзін алдап жүр.
Біз Кеңестік дәуірде өмір сүргенбіз деп айтып өзін ақтайтын ата - аналар да өздерін айыптымыз, ұрпақтың алдында қылмыс жасап жатырмыз деп сезінбеген қазір де сезінбейді.
Жандарбек Айтжан,
Фейсбук парақшасынан