«Жаңа Қазақстанды» құру үшін қолы кірленбеген жаңа есімдер қажет - Бейбіт Күлмағанбет
2022 ж. 08 сәуір
29464
1
Ұрлық жүйенің негізгі кінәсі - тек жер үсті-асты қазынамызды ұрлағандары ғана емес, алдымен әділетті, бай және бақытты Тәуелсіз Қазақстан орнатамыз деген арман-мақсаттарымызды ұрлағандары емес па?
Ел болатынымызға үміттерін үзген жастарымыздың өзі шет елдерге кетуді армандайды, көшудің жоспарларын құруда...
Әрине, ұрлық жүйенің көптеген "прорабтары" әлі билікте отыр, олардың да кезектері келер деген үміттеміз. Үмітсіз-шайтан деуші ме еді... Бірақ тек үміт қана емес, харекет етуімізде керек. Қазіргі партияларға немесе жаңа құрылайын деп жатқан партияларға мүше болып, қоғамдық ұйымдарға кіріп. Сонымен қатар, нағыз патриот-ұлтшылдар үшін, ел мүддесі қандай да бір партия мүдделерінен жоғары тұруы тиіс деген ойымды да білдіре кеткім келеді.
"Әділет" - Жаратушы Иеміздің тоқсан тоғыз атының бірі,- деп айтылады. Әділетке кәміл сенсек, әліде билікте отырған, біріге ұрлаған, мемлекет мүддесін сатқан жандайшаптар да әлбет жауапқа тартылар. Елдегі өзгерістердің басы болған "Қанды Қаңтар" Қазақ Елінің есінен көпке дейін кетпес, оңай да ұмытыла қоймас. Әділеттің құны өтелгенше дейін... Қаңтардың құны - кінәсіз оққа ұшқандардың ақталып, ардақталуы. Бейбіт ереуілшілдердің жандарының бостан босқа оққа ұшпағандарының дәлелі ретінде, жалпы халықтың тұрмыс жағдайының еселеп өсуі. Ол тек ұрланған миллиардтардың қайтарылуы арқылы ғана болатынын барлығымыз біліп, сезінудеміз. Ол ақшалар халыққа тиесілі. Басқа да жол жоқ. Бірақ осы мақсатқа құрылған әлеуметтік арнайы қор не істеуде қазір өзі? Сол қорға ақшаларын бөлісер деген "біздің" миллиардерлер мен мультимиллионерлеріміздің үлестері қанша? Жауап беретін кездері келді.
Халықтың өкпесі, үмітсіздігі, іштерінде мұз болып жатыр, әлі де ерімеуде. Жаңа Қазақстан идеясы іске асуы үшін, қолы кірленбеген жаңа есімдер өте қажет, дұрыс шешімдерімен тез әрекет ететін. Осындай мамандарды қасыңызға жинап, жаңа адамдар тауып, тез әрекет етсеңіз, құрметті Президент мырза! Көтерген жүгіңіз өте ауыр екенін сезінудеміз, қолдаймыз да. Бірақ, уәделердің орындалуына берілген уақыт та тез тарылуда. Жолдауда айтылған дұрыс сөздер жергілікті билікке әлсіреп жетуде. Өзгеріс аз. Ескі жүйені ауыстыруға бағытталған, барлық деңгейдегі билік өкілдерін реформаға еңбек сіңіруге "мәжбүрлейтін" заңдар қажет! Орындалуын міндеттейтін, жауапкершіліктері тізіліп жазылған қатал заңдар! Әйтпесе, жоғары мінбеден айтылған сөздер, атылған оқ болсада, көздегеніне жетпей, жоқ болып кетуде...
Бейбіт Күлмағанбет,
Фейсбук парақшасынан