«Елбасысыз» сөз бастап көрмегендер «Ақ жолға» тас лақтыруда - Амандық Дәулетбекұлы
2022 ж. 18 наурыз
25275
13
«Ақ жол» партиясының төрағасы Азат Перуашевтің суреттерін салып, мазақ қылмаққа, әжуаламаққа посттар салынып жатыр екен. Бір емес, екі емес, бірнеше күннен бері жүйелі түрде шығып жатқанын байқадым да, ішім қылп ете қалды. НӘНдері кеткенде жым болған, бұрын “елбасысыз” сөз бастап көрмеген, бүгінде Нұрсұлтанның атын ауызға алудан тіксінетін Нұротандық екібеткей қасиетсіздерге ұқсап қалмас үшін, өзім саналы түрде мүшесі болып отырған “Ақ жол” партиясының төрағасына қарата лақтырылып жатқан тастың бір қауымын өз “огородым” жаққа ерікті түрде бұрып алуды ұйғарып отырмын. Негативтің жартысын бері қарай жазыңдар, мен жаққа қарай жіберіңдер, халқым.
Сонымен:
1. Мен бұл кісімен жеке кездескенде “Азат аға”-деп сөйлеймін. Өйткені шынымен ағалығын сезем. Ағалық деген мен үшін не? Ең алдымен ол қазақ, екіншіден менен жасы үлкен, үшіншіден білері менен көп есе көп, сұраған дүниеңді фундаментальды ғылымнан бастап қазіргі реалийге дейін жеткізіп әкеп, байланыстырып, түсіндіріп береді. Көңіл қанағат, ми тыныштық табады. Дискуссияға ашық. Осындайдан кейін интуитивті-эмоциялы-ментальды түрде менің болмысым бұ кісіні “аға” деп қабылдайды, “аға” деп таниды. Әйтпесе, пәленше-түгеншиевищъ деп сазырайып отыратын кездерім де болады. Көріп те жүргендеріңіз бар ғой.
2. Кеше Тоқаевтың әлсіздігі туралы шамамен 2013-терде ме екен, ұстазым - Сейдахмет аға Құттықадамның “при сильном президенте…” деп бастаған сөзін тыңдап едім… Азат ағаның мінездік, біліми, стратегиялық потенциалы мүлдем не реализован. Олай дейтінім - көп мәселе бойынша жиналыстар мен кездесулерде, жұмыс топтарында үкіметтің, олигархтардың құйтырқы әрекеттеріне тойтарыс беріп, жымысқы жоспарларын әшкерелеп, тоқтатып тастап жүрген салалары сан алуан. ЕАЭОдақ проблемаларынан медицинаға, әскери саладан макроэкономикаға, халықаралық құқықтан білім беру жүйесіне, коммуналдық шаруашылықтан философияға… қысқасы, бірінен бірі мүлдем алыс, еш қатысы жоқ салалардың бәрінен осыншама терең хабардар болу үшін адамның бір сөткеде неше сағаты болу керек, білмеймін. Талай рет “Азат аға, дауай, шұғыл түрде былай істейік!”-деп алыпұшып барғанда сабырға шақырып, жөн-жосығын түсіндіріп, сахнаның артындағы жағдайлардан хабар беріп, аптығымды басып қайтарып отырғанын, уақыт өте келе соның дұрыстығына көзімнің жетіп отырғанын қалай мойындамайын? Мен сіздерге айтайын: 2019-жылдың шілдесінің ортасында Азат аға “Перемены неизбежны, вопрос лишь в том - будут ли они сознательными или стихийными” деп сұхбат та берді. Көлемді материал шықты. Саналы, жоспарлы өзгерістің болмауынан жеткен жерімізді қаңтарда бәріміз көрдік.
3. Түріктерден көп еститін бір мәтел бар: “Хақтың жолы бір” деген. Яғни нәрсенің хақиқаты, дұрысы, жөні бір-ақ, жалғыз амалы болады. Қандай данышпан болса да он айналып мың толғанып соған тоқтайды. Тәк уот, елдегі соңғы жылдарда боп жатқан тәуір өзгерістің қайсысы “Ақ жолдың” сайлауалды партиялық программасында жоқ екенін айтыңдаршы, ал? Азат аға саяси професмионализмімен Ақорданы көндіріп отырса да, Ақорда өз бетінше қабылдап отырса да, бір анығы - жағымды жаңалықтың барлығының «Ақ жолдың» партиялық программасымен 100% қабысатыны. Ортаға атып шығып ұран тастау оңай, баррикаданың бер жағына қарғып түсіп билікке толассыз тас ату да оңай, ел біткенді түгел жамандап өзің жалғыз “жақсы кісі болу” да оңай, шамаңа қарамай ышқынып-ап “атылып өлу” де “асылып өлу” де оңай. Мықты болсаң тірі жүр! Тірі жүріп, сұрқияның бетіне кейде өтірік күле жүріп, арқасынан қаға жүріп, қайнаған зығырданды ішіңе жұта жүріп халқыңа қызмет ет!
4. Назарбаев кеткенде жылады дейді… Назарбаевтың президенттік өкілетінің тоқтауы деген мемлекет пен ұлт үшін бір дәуірдің, бір эпоханың жабылуы, бір тарихи этаптың/циклдың аяқталуы еді ғой, миы жетіп түсінген адамға. Өйткені 30 жылда Назарбаев деген тұлға емес, ол бір жүйе боп қалып еді ғой? Ет жүректі адамның толқымауы мүмкін бе? Балаң аман есен бір жасқа толып, тұсауы кесіліп тәй-тәй басса да адам еміренбей ме? Сол сәтте қуаныш пен қобалжу аралас сезім бойды билеп, арқа-жонының түктері тікіреймеген қазақ бар ма екен, ал? Бәріміздің бойымызда болды емес пе?
Сондықтан мен Азат ағаға соқтықпаңдар, байланыспаңдар демеймін. Тиісіңдер! Тек, дәттерің жетсе саяси ұстанымының қателігін көрсетіп, инициативаларының бұрыстығын алға тартып, партия программасынан проблема тауып, сонымен шабуылдасаңдар өз мәртебелерің өседі. Уәссәлам!
ПыСы: Айтпақшы, тағы амал бар: менің өзіме шабуылдауларыңа да болады.
Амандық Дәулетбекұлы,
Фейсбук парақшасына