Қазақстанымда орыс Қазақша сөйлемесе Қазақ болған мен орысқа орысша сөйлеуім керек пе? - Гүлшат Молдахмет
2021 ж. 30 сәуір
19505
9
Саурандағы Aнвар сүпермаркетіне барып, қатты қорланып қайттым анығында мен емес ана тілім қатты қорланды. Өзімнің қаншалық бейшара екенімді анығында ана тілімнің Қазақстанда қаншалық бейшара екенін сезіндім. Басы ауырмағанның құдаймен ісі жоқ дейді. Менің бұл сезімімді жергілікті қазақтар өлсе де түсінбейді. Өйткені олар орысша біледі. Орыспен орысша сөйлескені былай тұрсын Қазақпен де орысша сөйлеседі. Олар үшін бұл жазбадағы көтерілген мәселе "қуып кеткен" сыяқты сезілуі мүмкін.
Әлқисса, сонымен не күн туды дейсіз ғой соншама? Мен елге оралғалы осындай "сорлылығыммен" бір күнде әлдене неше рет бетпе- бет кездесемін. Бақандай 8 жыл. Азық түлігімді алып ақша төлеиін десем, кассір жігіт орысша сөйледі. Түрі қазаққа келеді. Мен жәймен "маған қазақ тілінде қызмет көрсетіңіз"— деуім мұң екен, оның қабағы қарс түйіліп, орысша сөйлеп тұрып алды. Өте дөрекі. Мен Қазақша сөйлеп болмаймын. Ол қасарысып орысша сөйлейді. Дауыс көтереді тағы. Адмистраторын шақырдым. Қатқан инеліктей қап-қара қазақ қызы келді. Ол айтты маған" орыстар қазақша сөйлесін деген заң бар ма? әкел көрсет"— деді. Ол жігіт орыс екен. .Маған бір күнде бұл орыс былай тұрсын , кішігірім дүкеннен зат алсам да қазақтардың өзі тап осылай мәміле жасайды.Орысша сөйлейді және онысына ұялмайды,өзіме шаптығып тұрады. Қазақша сөйлеп тұрған мені хәм ана тілімді менсінбейді?Қалайша осылай күнге қалдық? Ата бабам қанын төгіп,қылыштың ұшы білектің күшімен қалдырған ата мекен Қазақстанымда орыс Қазақша сөйлемесе Қазақ болған мен орысқа орысша сөйлеуім керек пе?Қазақ қазақша сөйлемесе Қазақ болған мен Қазаққа орысша сөйлеуім керек пе?!
Айналайын жергілікті қазақтар, мүмкін сіз орысшаны орыстан артық білетін шығарсыз. Бірақ орысшаңызды қалтаңызға салып қойып, Ресейге барғанда пайдаға жаратыңыз. Ал Қазақ елінде орысқа да Қазаққа да қазақша сөйлеңіз. Алла адамзатты тектен текке ұлтқа, ұлысқа бөліп жаратпаған. Ұлттың да тілінің де киесі бар.Кие атады. Ана тілімізді қашан сыйлаймыз, сыйлатамыз?!
Гүлшат Молдахмет,
Фейсбук парақшасынан