Исламда неге адам Алламен тек арабша ғана сөйлеу керек?
2021 ж. 10 наурыз
17955
8
Жай қарапайым пенде ретінде дін туралы кейде ойланасың. Христос еврей болғанымен мысалы ағылшындар өз Христосымен ағылшынша сөйлейді, еврейше емес. Сол сияқты поляктар Христоспен полякша сөйлей береді, испандар – испанша, гүржіндер – гүржінше. венгрлер – өз тілінде. Яғни Христос адамды кез келген тілінде түсіне береді.
Ал исламда неге адам Алламен тек арабша ғана сөйлеу керек? Алла сонда адамды тек арабша ғана түсінеді ме? Ол мүмкін емес! Алла тіпті адамның ойларын біледі емес пе?
Неге біз “Алла ақбар” орнына “Ұлы я мейірімді Алла” деп айта алмаймыз? Жалпы, неге Құранда жазылған сүрелерді қазақша оқымасқа? Сонда мәні барша халыққа айқын болады ғой? Неге Машалланың орнына “Құдайға шүкір” деп айтсаң, ол дұрыс емес деп есептеледі? Ауыз ашар мен ифтардың айырмасы неде? Мағынасы бір емес пе? Сонда неге бұны қазақша айта бермеске?
Мәселе мынада. Қазіргі таңда замануи исламизациямен пайдаланып кейбіреулер қазақты шын мәнінде арабтандыруға шақырып отыр. Он ғасыр бойы исламда жүрген қазақты исламмен қайта таныстырғысы келеді) Сонда Яссауи, Бухар жырау, Бекет, Мәшhүрді жоққа шығаруымыз қажет пе? Жоқ әрине.
Біз орыстандыру саясатынан әрең аман қалып енді арабтандыру саясатына батып кетпеуіміз жөн. Қазақтар Алламен қазақша сөйлесе де Алла бізді ұғады деп сенімдімін, өйткені Алла адамды кез келген тілде түсінеді. Алла біздің жүректерімізде. Ал жүрегіміз қазақ болып қала беру керек.
Мұхтар Тайжан
Фейсбуктегі парақшасынан